Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жастар саясаты > Университетіміздің 31 студенті Қытай Халық Республикасына оқуға жіберілді

Университетіміздің 31 студенті Қытай Халық Республикасына оқуға жіберілді

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті мен Синьцзян қаржы экономикалық университеті 2012 жылдан бері білім және ғылым саласында бірлесе қызмет атқарып келеді.

Серіктес жоғары оқу орны Синьцзян қаржы-экономикалық университеті – Қытайдың Синьцзян-Ұйғыр автономиялық аймағындағы алдыңғы орындағы жетекші университеттердің бірі.

Халықаралық ынтымақтастық аясында университетіміздің техникалық, экономика және құқық, тарих, жаратылыстану, биология, шетел тілдері факультеттерінің 2-3 курс студенттері 2017-2018 оқу жылының 1-ші жарты жылдығына халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Қытай Халық Республикасының Синьцзян қаржы-экономикалық университетіне оқуға жіберілді.