Пятница, Май 3, 2024
Басты > Жастар саясаты > Университет басшысы жеңіске жеткен жастармен кездесті

Университет басшысы жеңіске жеткен жастармен кездесті

9 қараша күні Жұбанов университетінің ректоры Лаура Қарабасова университетіміздің ғана емес, еліміздің абыройын асқақтатып, көк байрағымызды жеңіс тұғырынан көрсеткен талантты жастармен кездесті.

Еске сала кетейік, Тбилиси қаласында өткен Унифайттан Әлем чемпионатында университетіміздің оқытушысы Ерен Ерболұлы жүлделі 2-орынға ие болса, «Дене шынықтыру және спорт» білім бағдарламасының 4-курс студенті Гүлдана Амангелді дәл осы дүбірлі додада жүлделі 1-орынға ие болды. Сондай-ақ кәсіби шығармашылық факультетінің 3-курс студенті Дәулет Төлемісов Астана қаласында өткен бокстан Азия чемпионатында 2-орынға ие болса, экономика және құқық факультетінің 4-курс студенті Аманжол Ханиев Шымкент қаласында өткен республикалық пікірсайыс турнирінде 3-орынға ие болды.

Кездесуде университет басшысы халықаралық, республикалық жарыстардан жеңіспен оралған жастармен жеңіс жолындағы қиындықтар мен табандылықтары туралы әңгімелесті.
Университет басшысы жалынды жастарға алдағы жарыстарына сәттілік тіледі!