Четверг, Сентябрь 19, 2019
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінің QS Әлемдік рейтингке кіру мәселесі жоспарлануда

Жұбанов университетінің QS Әлемдік рейтингке кіру мәселесі жоспарлануда

Бүгін осы жайында Жастар сарайында өткізілген «QS Әлемдік рейтингі: жалпы шолу және саралау әдіснамасы» атты халықаралық семинар өтті.

Жиынға QS Консалтингтік компаниясының қызмет аға-сарапшысы Шади Хижази мен университеттің құрылым басшылары, факультет декандары,  профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері қатысты.

Бүгінгі семинардың өткізілуіне түрткі болған негізгі мәселелер – университеттің жетістіктері, алдағы уақыттағы стратегиялық жоспары мен ерекшелігі (екі дипломды білім алу, ғылыми зерттеу жұмыстары) сөз болды.

«Еліміз ішінде үздік танымал 20 білім ордаларының арасынан 4-орынға табан тірегенімізден бөлек, ендігі кезекте әлемдік аренаға шығатындай өзімізге тән стратегия ойлап табуымыз қажет», — деді университеттің стратегиялық даму жұмыстары жөніндегі проректоры Қуанышбек Шүңкеев.

Жұбанов университетінің әлемдік мойындалуы үшін екі бағыт бойынша атқарылуы тиіс жұмыстарды айта отырып, бірігіп жұмыс жасауға шақырып, әлемнің үздік білім ордаларының қатарына қосылайық – деп компания өкілі ниет білдірді.

QS Әлемдік рейтингісіне ену үшін кез келген оқу ордасы негізгі көрсеткіштер бойынша бағаланады. Олардың ішінде оқу орнының академиялық беделі, жұмыс берушілер арасындағы абыройы, шетел студенттері мен оқытушылар құрамы сынды жайттар ескеріледі. Семинар тақырыбына сәйкес, Шади Хижази әлемдік рейтинг жайында біраз ақпарат көзімен бөлісіп, саралау әдіснамасы академиялық бедел, ғылыми зерттеу, студентер мен оқытушылар арасында баланс негізінде қарастырылатынын қоса кетті.

QS рейтингісінің нәтижесінде 2020 жылға еліміздің үздік 10 университетін анықтап көрсетті. Сараптамалық әдіснама ішінде сауалнама жүргізу арқылы да сәйкес балл алып, институционалдық рейтингті анықтауға болады. Оның ішінде академиялық ресурстарды бағалау жайында 2019 жылы әлем бойынша 83 мың адам жауап берсе, 2020 жылға қарай сандық көрсеткіш 4094 адамға өсті. Ал екінші жағынан, жұмыс берушілер тарапынан 42 мың компания өкілдері бітіруші түлектерді жұмысқа тартты. Одан бөлек, рейтинг өсіру мақсатында 3 принцип атқарылуы тиіс: 50% — университет қызметкерлерінен сұрақ қойылуы, 20% — халықаралық ұсынылған ғылыми зерттеулер, 30% — университетпен жұмыс.

Университеттің QS Әлемдік рейтингіне енуі үшін айтылған мәселелерді саралай отырып, әкімшілік өкілдері осы істің қолға алынғанын айтты.

QS Әлемдік рейтинг консалтингтік атқару кеңесінің жұмыс сапары 22 тамызға дейін жалғасады. Жұмыс барысында сарапшылар білім және ғылым саласындағы зерттеулердің сапасын жақсарту мақсатында бөлім басшыларына, кафедра меңгерушілеріне, студенттерге, магистранттар мен докторанттарға арналған тренингтер мен оқу-жаттығу сессияларын өткізеді.

QS — білім сапасын арттыру, академиялық статистикалық деректерді талдау, сарапшылар мен жұмыс берушілерді сауалнамалау негізінде жұмыс атқаратын, әлемдегі үздік оқу орындарының арасында ғаламдық рейтинг жүргізіп келе жатқан халықаралық агенттік. Жылына рейтингке әлем бойынша 1000 шақты университеттер қатысуға өтініш береді.