Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Дара тұлға – тура жол

Дара тұлға – тура жол

2017 жылғы 29 қыркүйекте С.Байішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының «Қаламгер» әдеби қонақжайында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Байғанин ауданының құрметті азаматы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, жазушы – Қажығали Мұханбетқалиұлымен кездесу өтті.

Кездесуге Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті филология факультетінің  профессор-оқытушылары мен студенттері қатысып, әдебиет туралы көңілде жүрген сауалдарын қойды.  Жазушымен болған кездесу өте әсерлі, есте қаларлықтай кеш болды. Сұқбат барысында студенттер қаламгердің туындыларынан рухани азық алып, өнегелі тұлғасымен танысты. Жазушы жүрек түкпіріндегі туған жерге деген ыстық сезімінен сыр шертіп, әдебиет туралы ой бөліскендері үшін көпшілікке ризашылығын білдірді.