Понедельник, Декабрь 10, 2018
Басты > Жаңалықтар > Филология факультетінде шетелден ғалым келіп дәріс оқуда

Филология факультетінде шетелден ғалым келіп дәріс оқуда

Университетіміздің филология факультетіне шетел ғалымдарын білім беру ісіне тарту мақсатында арнайы шақырылған Башқұрт мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Айгуль Мухтаруллина келіп, студенттерге дәріс оқуда. Ол 2017 жылдың 9-22 қазан аралығында «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-курс студенттеріне «Дискурс талдау теориясы» және «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-курс студенттеріне  «Көркем мәтінді лингвистикалық талдау» пәндерін оқытады.

А.Р.Мухтаруллинаның ғылыми зерттеуінің негізгі бағыты – мәтін теориясы, модельділік категориясының когнитивті және прагматикалық аспектілері.

Профессор филология факультетінің мамандықтарына екінші рет дәріс беруде, осыған дейін ол 2015 жылы университетімізге келген болатын. Ғалым теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы профессор-оқытушыларымен  бірлескен «Когнитивно-сопоставительное описание языковых единиц» монографиясы авторларының бірі, дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Филологияның өзекті мәселелері» онлайн ғылыми семинарының Башқұрт мемлекеттік университеті тарапындағы байланыстырушысы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.