Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университетте мамандандырылған аккредиттеу рәсімі өтті

Университетте мамандандырылған аккредиттеу рәсімі өтті

2017 жылдың 4-6 қазан аралығында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің 10 білім беру бағдарламасына Қазақстан Республикасы Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) тарапынан мамандандырылған аккредиттеу рәсімі жүргізілді.

Аккредиттеу рәсімінің мақсаты – білім бағдарламаларының халықаралық стандарттарға сәйкестігін тану үшін аккредиттеу органы тарапынан жүргізілетін бағалау процесі. Дәлірек айтсақ, мамандандырылған аккредиттеу барысында университеттегі білім беруді ұйымдастыру мен жүзеге асыру, білім бағдарламаларының сапасы мен жалпы білім беру қызметінің мемлекеттік стандарттарға және нормативтерге сәйкестігі бағаланады.

Аккредиттеу жүргізілген мамандықтар:

  • 5В011900-Шетел тілі: екі шетел тілі
  • 5В021000-Шетел филологиясы
  • 5В042100-Дизайн
  • 5В090200-Туризм
  • 5В090100-Көлікті пайдалану, жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
  • 5В070300-Ақпараттық жүйелер
  • 5В070400-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • 5В070500-Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • 6М070300-Ақпараттық жүйелер.

Аталған рәсімді АРТА тарапынан отандық және шетелдік сарапшылар тартылған сыртқы сараптау комиссиясы жүзеге асырды. Комиссия төрағасы – физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Енсебаева Маржан Заитовна (Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті). Шетелдік сарапшылар: профессор Граковский Александр Владимирович – Көлік және байланыс институтынің компьютерлік ғылымдар және электроника факультетінің деканы (Рига қ., Латвия); филология ғылымдарының кандидаты, доцент Козуев Дурус Исакбаевич – К.Карасаев атындағы Бішкек гуманитарлық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры (Бішкек қ., Қырғызстан). Сарапшылар: т.ғ.д., профессор Карсыбаев Ержан Ертаевич – «Тұран» университеті (Алматы қ.); PhD Закирова Дильнара Икрамхановна –  «Тұран» университеті (Алматы қ.); ҚР Дизайнерлер одағының, Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі Бодиков Сейфолла Жамауұлы — Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (Қарағанды қ.); филол.ғ.к., доцент Гауриева Гульжан Мухаметкалиевна – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ.); т.ғ.к., доцент Хамраев Шерипидин Итахунович – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ.). Агенттік бақылаушылары: Ниязова Гулияш Балкеновна – АРТА институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу жобасының жетекшісі (Астана қ.);  Канапьянов Тимур Ерболатович – АРТА институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу жобасының жетекшісі (Астана қ.). Жұмыс беруші: Кунанова Дамиля Бахиткерейқызы – «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы адами капитал дамыту бөлімінің жетекшісі (Ақтөбе қ.). Студенттер: Лупарев Руслан Юрьевич – Қазақ-орыс халықаралық университеті «Дизайн» мамандығының 4-курс студенті (Ақтөбе қ.); Баймагамбетова Айдана Саматқызы – Қазақ-орыс халықаралық университеті «Ақпараттық жүйелер» 3-курс студенті (Ақтөбе қ.); Тыныштық Ақдана Бөлтекқызы – С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 4-курс студенті (Ақтөбе қ.).

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Б.А.Ердембековтың қабылдауынан басталған аккредиттеу рәсімі сыртқы сарапшылардың университет проректорларымен және құрылымдық бөлімдер басшыларымен, факультет декандарымен және бітіртуші кафедралар меңгерушілерімен сұхбаттасу жүргізуіне, аккредиттелетін білім бағдарламаларының оқу ғимараттары мен кафедраларына сырттай шолу жасауына жалғасты. Сонымен қатар, аккредиттелетін білім бағдарламалары бойынша кафедра құжаттарының стандарттарға сәйкестілігін тексеріп, сабақтарға таңдап қатысты, студенттермен, магистранттармен, ПО құрамымен, түлектермен, жұмыс берушілермен кездесу өткізіп, олармен еркін тақырыпта сұхбаттасты. Аталған кездесулерге ПО құрамынан 60 адам, 89 студент пен магистрант, облыстың түрлі саласынан 41 жұмыс беруші мен аккредиттелетін мамандықтардың 65 түлегі қатысты. Сұхбат барысында жұмыс тобы тарапынан берілген сұрақтарға барлық қатысушылар қанағаттанарлық деңгейде жауап берді. Сарапшылар сұхбаттасу нәтижесінде қатысушылардың бұл үдеріске үлкен жауапкершілікпен қарағандарына ризашылығын білдіріп, университет пен түлектер, жұмыс берушілер арасындағы кері байланыс тиісті деңгейде екендігін атап көрсетті.

Мамандандырылған аккредиттеу рәсімі аясында сыртқы сарапшылар аккредиттелетін білім бағдарламаларының практика базалары мен кафедралардың өндірістегі филиалдарына да барды. Мысалы, № 35 орта мектебі мен №51 гимназиясында орналасқан Ағылшын және неміс тілдері, Шетел филологиясы кафедралары филиалының,  АҚ «Құрылысконсалтинг» Ақтөбе филиалында орналасқан Дизайн кафедрасы филиалының жұмысымен танысты. Сонымен қатар, сыртқы сарапшылар университеттің Қалалық Жас туристер станциясында, «Зере Тур» туристік фирмасында, «Автопарк» ЖШС, Қалалық техникалық шығармашылық орталығында, «СтройТехно» ЖШС болып, ондағы қызметкерлердің, ғалымдардың жұмысына, университеттің қуатты материалдық-техникалық базасына, ғимараттарының ауқымына қызығушылық танытты.

Бағалау нәтижесінде сарапшылар тобы университет басшысы мен құрылымдық бөлім басшыларымен кездесіп, аккредиттеу рәсімі аясында өткен шаралардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғандығын атап өтіп, алғыстарын білдірді. Мамандықтардың аккредиттелу мерзімі қараша айында өтетін Аккредиттеу кеңесінде анықталады.