Вторник, Март 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінің 15 студенті жұмысқа шақыру алды

Жұбанов университетінің 15 студенті жұмысқа шақыру алды

Күні кеше «Білім алушыларды дуальді оқыту» бағдарламасы аясында Ақтөбе облысының Полиция департаментінде Жұбанов университетінің «Құқықтану» мамандығының бітіруші курс студенттерімен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында Ақтөбе облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ғалым Байжанов Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Марат Ахметжановтың атынан  «Құқықтану» мамандығының үздік 15 студентіне ішкі істер органдарына жұмысқа шақыру қағазын табыс етті.

Өз кезегінде полиция полковнигі Ғалым Байжанов құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатары жас, әрі кәсіби білікті жастармен толығып жатқанына ризашылығын білдірді.  Ішкі істер органдарына қойылатын ерекше міндеттерді талапқа сай орындау, полиция қызметінің жаңа стандарттарға көшуі заман талабы екенін атап өтті.

Жұмысқа жолдама алған студенттерімізді құттықтаймыз!