Суббота, Апрель 27, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ғылыми кітапханадағы семинар

Ғылыми кітапханадағы семинар

2017 жылдың 25 қазан күні Университеттің Бас ғимаратының ғылыми кітапханасының электрондық залында «Электрондық ресурстарды оқу жүйесінде қолдану» атты «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының профессор-оқытушыларына арналған семинар өтті.

Семинарға кафедра меңгерушісі пед.ғ.к. профессор Т.А.Ботағариев және кафедраның оқытушылары С.С.Кубиева, С.С.Гурбан, А.Ш.Жиембаев, В.И.Зейбель, Б.К.Мамытов, А.Б.Габдуллин қатысты.

Аталмыш семинардың мақсаты —   профессор-оқытушылар құрамын ғылыми кітапханадағы толық мәтінді мәліметтер, шетелдік базалармен таныстыру.

Университеттің бас ғимаратындағы Ғылыми кітапхана директоры Эльвира Ұланқызы семинар қатысушыларына электрондық ресурстарды оқу жүйесінде қолдану тиімділіктері туралы және де электрондық ресурстарға тіркелу жөнінде толық ақпарат берді.