Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Зейнолла Қабдоловтың шығармашылығына арналған республикалық онлайн-конференция

Зейнолла Қабдоловтың шығармашылығына арналған республикалық онлайн-конференция

Жұбанов университеті «Жұбановтану» ғылыми-зерттеу орталығында әдебиеттанушы-ғалым Зейнолдла Қабдоловтың 90 жылдық мерейтойына орай «Зейнолла Қабдолов және қазақ әдебиеттануының өзекті мәселелері» атты магистранттарға арналған республикалық ғылыми онлайн-конференциясы өтті. Онлайн-конференцияға Ш.Есенов атындағы КМТИУ, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, С.Бəйішев атындағы Ақтөбе университетінің профессор-оқытушылары мен магистранттары қатысты.  Конференция жұмысы ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Р.А.Бекназаровтың кіріспе сөзімен ашылды. Әрі қарай З.Қабдоловтан тəлім алған Жұбанов университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы А.М.Мұсаев   баяндама жасады. Одан соң шара  сөз зергерінің қаламгерлік шеберлігіне, ғылыми-зерттеу еңбектеріне  арналған онлайн-конференцияға қатысушы жоғары оқу орындарының магистранттарының баяндамаларымен жалғасты. Конференция барысында төрт университет өзара тəжірибе алмасып, бір-бірінен мазмұнды мəліметтер алды.  Ғылымның даңғыл жолына жуырда ғана түскен магистранттар З.Қабдоловтың тұлғасын тереңірек танып, өнегесін көңілдеріне тоқып, ұлағатын сіңірді.

«Қазақ әдебиеті» кафедрасының ұйымдастыруымен өткізілген онлайн-конференция соңында қатысушыларға сертификаттар тапсырылып, алдағы уақытта онлайн-конференция материалдарының жинағы шығарылатын болады.