Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінде интерактивті кәсіби бағдар беру алаңы ашылды

Жұбанов университетінде интерактивті кәсіби бағдар беру алаңы ашылды

Мектеп бітіруші түлектерге кәсіби бағдар беру жұмыстарының маңызы зор екені анық. Осы мақсатта бүгін университетімізде интерактивті кәсіби бағдар беру алаңы ашылды. Салтанатты рәсімнің қызыл лентасын университеттің бірінші проректоры Қуанышбек Шүңкеев пен кәсіби-шығармашылық факультетінің деканы Сабыржан Мұхтаров кесті.

«Университетіміздің алдында тұрған үлкен міндеттердің бірі — цифрлық жүйеге толығымен ауысу. Кеше бізде бақылау кеңесі өтті. Бақылау кеңесінің төрағасы, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев сол кезде ауыл мектептерімен байланысты күшейтіңдер деген тапсырма берді. Бұл осы кәсіби бағдар беру орталығына тікелей қатысы бар, мектептермен, оның ішінде аудан, ауыл мектептерімен байланысты күшейтулерің керек. Біз үгіттеуден кәсіби бағдар беруге көшуіміз қажет.

Шалғайдағы мектептермен тікелей жұмыс жасау үшін орталықтан онлайн режим жүйесі ашылуы керек. Сол арқылы университетке виртуальды экскурсия жасалуы тиіс. Бұл оқушылардың біздің оқу ордамызбен кеңірек танысуына жол ашады»,- деді университет ректоры, профессор Бауыржан Аманкелдіұлы кіріспе сөз алып. Сондай-ақ, Бауыржан Аманкелдіұлы сапалы іріктеуге, грантты

көбейту, белсенді студенттердің сандарын арттыру мәселелерін баса айтып өтті.

Өз кезегінде кәсіби бағдар беру бөлімінің басшысы Жамиля Идиева: «Факультеттерден құралған арнайы кәсіби бағдар беру тобымыз бар. Қаламыздағы, аудандағы мектептермен байланысымыз нығая түсуде. Кәсіби бағдар беру тобы қаладағы 30 мектепте, университет проректорлары бастаған топ 8 ауданда болып, ата-аналар мен оқушылармен кездесіп, түсіндіру

жұмыстарын жүргізді. Педагогикалық-психологиялық тұрғыда мектеп бітіруші түлектерге мамандығын қателеспей таңдауға ықпал етсек, біздің мақсатымыздың орындалғаны»,-дей келе, интерактивті кәсіби бағдар беру алаңын ашудағы мақсатымен, алдағы жоспарларымен бөлісті.