Суббота, Апрель 27, 2024
Басты > Білім > Өндірістік практика бойынша конференцияға университет түлектері қатысты

Өндірістік практика бойынша конференцияға университет түлектері қатысты

Шетел тілдері факультетінде «Аударма ісі» мамандығының 4 курс студенттеріне арналған өндірістік практика бойынша конференция өтті. Конференция интерактивті түрде жүргізіліп, студенттер практика бағдарламасы, оның қорытындысы бойынша тапсыратын есеп тізімімен, күнделікті толтыру ережесімен танысты және кәсіби практиканың жұмыс жоспар-кестесі даярланып, бекітілді. Студенттер дипломдық жоба тақырыптары бойынша практика жетекшілерінен жеке тапсырмалар алды.

Конференцияға университеттің түлектері, бүгінгі кәсіби аудармашылар Кенеш Даир мен Гудзь Демид қатысты. Олар университет бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу тәжірибелерімен бөлісті. Гудзь Демид үш жылдық тәжірибесі бар аудармашы ретінде Ақсай қаласындағы «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» және «Saipar Drilling Company B.V.» сынды компанияларда жұмыс жасауда. Үстіміздегі жылдың ақпан айында Ақсай қаласындағы Horizon компаниясының «OPITO Major Emergencies and Initial Response» курсы бойынша нұсқаушы қызметіне ауыспақшы. Түлек даярлығы төмен аудармашыға кезігетін қиындықтар мен аударылатын ақпараттың түрлі жанрда келетіндігін және техникалық аударманың қиындықтары жөнінде баяндап берді.

Сөз соңында түлектер «Аударма ісі» кафедрасының оқытушыларына сапалы мамандарды даярлағандығы үшін алғыстарын білдірді.