Пятница, Ноябрь 22, 2019
Басты > Жаңалықтар > «Ақтөбе-конфуций» журналының кезекті басылымы шығарылды

«Ақтөбе-конфуций» журналының кезекті басылымы шығарылды

2013 жылдан бастап университеттің Конфуций институты редакциясы қазақ және қытай тілдеріндегі «Актөбе-Конфуций» журналын шығарып келеді. Журнал Қазақстан және Қытайдың  білім беру саласы, мәдениеті мен қоғамдық өмірі жөнінде тоқсан сайын шығарылатын кешенді басылым болып табылады. Басылымнан шығарылған журналдың әрбір саны мақала авторларына  жіберіледі.

Журналдың 2017 жылғы кезекті №10 басылымында университет басшылығының тарапынан жаңадан тағайындалған басшыларға арналған құттықтаулар, Шанхай Ынтымақтастық ұйымы ректорларының форумы, «Қытай тілі көпірі» байқауының нәтижесі, Конфуций институты филиалының ашылуы, HSK емтиханының өткізілгені жөніндегі мәліметтер қамтылған. Сонымен қатар, журналда  Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай өткізілген университеттегі мәдени шаралар, институт қабырғасында  білім алушылардың, оқытушылардың жетістіктері баяндалған. Сондай-ақ, осы нөмірде оқырмандар назарына «I am singer» байқауының жүлдегері Ақтөбелік Димаш Құдайбергеннің Қытайдағы сапары туралы ақпарат ұсынылып отыр.

Журнал

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.