Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Полиглот» студенттік клубының кезекті отырысы сұлулық тақырыбына арналды

«Полиглот» студенттік клубының кезекті отырысы сұлулық тақырыбына арналды

«Полиглот» клубы шетел тілдері факультетінде 2017 жылдың қараша айынан бастап жұмыс жасап келеді. Клубтың кезекті отырысы ағылшын тілінде «Toastmasters» халықаралық шешендік өнер клубы форматында өтті. Бұл іс-шараны «Ағылшын және неміс тілдері» кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі С.Г.Үсенова ұйымдастырды.

Клуб отырысы «Beauty» тақырыбына арналды. Клуб мүшелері берілген тақырыпта баяндама оқып, қазіргі таңдағы ішкі және сыртқы сұлулықтың рөлі жөнінде өз ойларын ортаға салды. Отырыс барысында клуб мүшелері өздерінің ел алдында сөйлеу өнерлерін шыңдады.