Суббота, Апрель 27, 2024
Басты > Жастар саясаты > Бүгін Жұбанов университетінде «Анаға хат» мерекелік бейнехат акциясы өтті

Бүгін Жұбанов университетінде «Анаға хат» мерекелік бейнехат акциясы өтті

Акцияны ұйымдастырушылар әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаменті университеттің «Баспасөз қызметі» бөлімімен біргелікте 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арнады. Акцияның мақсаты – студент-жастарды мейірімділікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу, жүрек түкпірінде саялаған Анасына деген балалық тілегі мен алғысын білдіруге мүмкіндік жасау.

Акцияға университеттің барлық факультетінен студенттер қатысты. Әр студент өз аналары жайында жүректерінен жарып ұшқан барлық ізгі тілектерін толқыныспен жеткізді.

Акция барысында әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің директоры Жайнагүл Қартбаева студенттердің жатақханамен қамтамасыз етілуі жайында мәлімдеме жасады.

Жайнагүл Қартбаеваның айтуынша, Жұбанов университеті студенттері Ақтөбе облысының аудандарынан, көрші облыстардан, өзге республикалардан келген студенттер. Сондықтан олардың негізгі құрамы жатақханаларда тұрады. Осы жылдың басынан бастап университет бойынша студенттердің жатақханаға сұранысы толық 100 пайызға қамтылып отыр. Қазіргі таңда университетте 3 жатақхана бар. Тағы бір жатақханаға өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Акцияға қатысушы студенттердің бейнехаттары олардың аналарына университеттің жеке сайты www.arsu.kz арқылы жеткізілетін болады. Сондай-ақ, аналар балаларының бейнехаттарын «Баспасөз қызметі» бөлімінің әлеуметтік желідегі парақшаларынан да тыңдай алады.