Понедельник, Апрель 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Амал келді — жыл келді!

Амал келді — жыл келді!

Бүгін Жұбанов университетінде ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінің бастауы саналатын Көрісу күні кең көлемде атап өтілді. Университет ұжымы мен білім алушылары қазақ халқының береке мен бірлікке толы мейрамының мән-маңызын ұлықтады.

Оқу орнының бас ғимаратында киіз үй тігіліп, ақ дастарқан жайылды. Келушілер наурыз көже мен ұлттық тағамдардан ауыз тиіп, талантты жастардың өнерін тамашалады.
Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің директоры Нарқозы Қартжан жиналғандарды мерекемен құттықтап, қайта жаңғырған Амал мерекесінің тәрбиелік маңызын атап өтті.

Айта кетейік, атаулы күнге орай университеттің оқу ғимараттарында мерекелік шара ұйымдастырылды.