Суббота, Июль 20, 2019
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінің студенттері Х–шы Республикалық студенттік пәндік олимпиадада жеңімпаздары

Жұбанов университетінің студенттері Х–шы Республикалық студенттік пәндік олимпиадада жеңімпаздары

Таяуда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Х–шы Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті. Олимпиадаға  «Ротацияға ынталандыру — мансаптық өсудің буыны ретінде («МАНСАП» Ақтөбе жас мемлекеттік қызметшілер мектебі мысалында)» атты инновациялық жоба тақырыбымен Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ–нің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 2-3 курс студенттері А.Есенжолова, А.Отарбай, Н.Орынтаева, Р.Аганасов, А.Мурзабекова (ғылыми жетекшілері: PhD доктор, доцент М.Д.Сайымова, аға оқытушы, магистрлер  Э.Ж.Есжанова, Б.С.Бимбетова ) қатысты.

Бұл  Х — шы Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға қатысуға аталмыш мамандық бойынша 27 команда өз жобаларын ұсынды. Іріктеу кезеңінен өтіп, финалға жолдама алған университетіміздің «МАНСАП» командасы олимпиаданың қорытындысы бойынша ІІІ — жүлделі орынды жеңіп алды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.