Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет бітірушілерін жұмысқа орналастырудың тиімділігін арттыру мәселесі талқылау бүгін жалғасты

Университет бітірушілерін жұмысқа орналастырудың тиімділігін арттыру мәселесі талқылау бүгін жалғасты

Жұбанов университеті Білім беру процесін ұйымдастыру департаментінің құрамындағы оқу-әдістемелік бөлімнің ұйымдастыруымен өтіп жатырған «Университет бітірушілерін  жұмысқа орналастырудың тиімділігін  арттыру» тақырыбында Ақтөбе облысы аудандарының әкімдерімен кездесу бүгін жалғасын тапты.

Екінші күнгі кездесуге Ақтөбе облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары А.М.Купенов, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Г.А.Айдарханова, қалалық білім бөлімі басшысының м.а. Г.С.Мурзагалиева және Байғанин ауданы әкімінің орынбасары Ж.Т.Жаңабай, Ырғыз ауданы әкімінің орынбасары А.Ә. Шахин, Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары Ғ.С.Қобландин, Темір ауданы әкімінің орынбасары Б.С.Шаимов, Ойыл ауданы әкімінің орынбасары Ш.Қ.Тлеумағанбетов, Мәртөк аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Ж.С.Кауменова қатысып, аудандар бойынша қажетті жұмыс орындарына тоқталып, ауданды таныстыру бағытында бейнеролик көрсетіп, түлектерді жұмыспен қамту жөнінде өз ұсыныстарын айтып, бітірушілердің сұрақтарына толық жауап берді.