Воскресенье, Декабрь 8, 2019
Басты > Жаңалықтар > «Розетта Стоун» бағдарламасы үйренушілеріне сертификат табысталды

«Розетта Стоун» бағдарламасы үйренушілеріне сертификат табысталды

2018 жылдың 28 маусымында Халықаралық ынтымақтастық орталығы «Rosetta Stone Advantage» қашықтықтан ағылшын тілін үйрену курстарын меңгерген, бастапқы және орта деңгейін нәтижелі аяқтаған Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің 26 оқытушыларына сертификаттар табысталды. Аталған бағдарламамен әр бір факультеттің оқытушылары 2017 жылдың қараша айынан 2018 жылдың мамыр айына дейін 72 сағат мөлшерінде онлайн сабақтарын өтеді. Курс тыңдаушылары аталған бағдарламамен тілдік деңгейлерін арттырып және де одан әрі бағдарламамен жұмысын жалғастыруы туралы айтып өтті.

Rosetta Stone — Rosetta Stone Incorporation компаниясы әзірлеген және шығарған компьютер көмегімен шет тілдерін оқытуға арналған бағдарламалық өнім. Бағдарламаның атауы және оның логотипі Розетта Тасы деген мағынаны білдіреді, ол лингвистерге Мысырдың иероглифтерін анықтауға көмек берген. Розетта Стоун бағдарламасы арқылы шетел тілінде мәтіндерді, суреттерді және дыбыстарды үйлестіреді, сондықтан сөздіктер мен грамматиканы пайдаланбай есте сақтауға көмек береді. Өнім жарнамасында, бұл адамдардың өздерінің алғашқы тілін үйрену әдістерімен бірдей жолы болып табылатындығы туралы айтылады. Бүгінгі таңда университетіміздің бірқатар студенттері мен оқытушылары аталған бағдарламамен жұмыс жасап шет тілін меңгеріп жүр. Сонымен қатар, семинар барысында ағылшын тілін және элективті пәндерді оқыту процессінде Rosetta Stone зияткерлік жүйесін пайдаланудың ұтымды жолдары туралы пәндік оқытушылар сөзбен шықты. Семинар аяғында Rosetta Stone Incorporation компаниясының ТМД елдері бойынша өкілі А.С.Ильинскиймен онлайн сұхбат жүргізіліп, семинар тыңдаушылардың бағдарлама бойынша қызықтырған сұрақтарына жауап берілді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.