Среда, Август 5, 2020
Басты > 2017 > Август

Білім күні құтты болсын!

Құрметті әріптестер, ұстаздар! Қадірлі студенттер және ата-аналар! Сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен және Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күні білім мен өнердің, мәдениет пен парасаттың, адамгершілік пен ізгіліктің бастауы болған білім ордалары миллондаған шәкірттеріне құшағын айқара ашып, жаңа 2017-2018 оқу жылын бастағалы отыр. Баршамызды алда жаңа білім, жаңа асу, қиындығы мен

Көбірек

Құрбан айт мүбәрәк болсын!

Айтулы ұлық мереке Құрбан айттың бірінші күні осы жылы 1 қыркүйек - қасиетті жұма күнімен тұстас келіп отыр. Аталмыш мерекенің қадір-қасиеті, мәні мен мағынасы барша мұсылманға аян. Құрбан айт - береке мен бірлік, бейбітшілік, игілік, кешірім, мейірім және қайырымдылық, адамдардың жан дүниесін, сана-сезімін, көңілін қуанышқа бөлейтін, кірбіңнен тазалайтын ұлық мереке болып

Көбірек

Ата Заң — жарқын болашаққа апаратын айқын жол

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекетіміздің іргесін нығайтудағы қарышты қадамдардың қалыптасуы мен жаңа жүйенің орнығуына, саясат сахнасында Қазақстан Республикасының қанат жаюы жолындағы бірден-бір бастаушы заң, серпінді сенім, әділет жолын көрсетер мемлекетіміздің Ата заңы, айшықты құжаты. Ата-бабамыз аңсаған Тәуелсіздікке қол жетіп, Егемендігіміздің еңсесі нығайып, көпұлтты Қазақстанымыз көркейіп, ел экономикасы өсіп-өркендеп, халқымыздың әл-ауқаты

Көбірек

Мәртебелі мереке

30 тамыз – Конституция күніне орай қаламыздың Әбілқайыр хан даңғылы бойында «Еркіндіктің асқақ шыңы-Ата Заң» атты ауқымды шара, мерекелік шеру өтті. Бұл күн еліміз үшін мәртебелі мереке екендігі даусыз. Мерекелік концерт басталмас бұрын Орталық стадион алаңынан бастау алған шерушілер облыс әкімдігі алаңына дейін салтанатты түрде жүріп өтіп, жиналған қауымға мерекелік

Көбірек

Университетіміздің оқытушыларын докторантураға оқуға қабылдануларымен құттықтаймыз

Ақпараттық жүйелер және бағдарламалық қамтамасыз ету кафедрасының оқытушыларын докторантураға оқуға қабылдануларымен құттықтаймыз: Сартабанова Жанар Елибаевна – Черноризца Храбра атындағы Варн университеті (Болгария), 4.6 "Информатика және компьютерлік ғылымдар" бағыты бойынша, докторлық бағдарлама: Ақпараттық жүйелер және технологиялар, информатика және компьютерлік ғылымдар. Кереев Адилжан Кутымович – Л.Гумилев атындағы ЕҰУ 6D070400-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Көбірек

Білім кілті

1 қыркүйек - Білім күніне орай Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті бас ғимаратында орналасқан ғылыми кітапханасында 1 курс студенттері үшін танымдық экскурсия жүргізіледі. Осы мақсатта «Ғылым және білім» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оған университет ғалымдары мен оқытушыларының еңбектері, журналдар, буклеттер және білім туралы оқулықтар қойылды. Сонымен қатар «Кітап»

Көбірек

Ғылым саласындағы сыйлықтарға, мемлекеттік ғылыми стипендияларға ие болу үшін жұмыстарды қабылдау басталды

ҚР Білім  және  ғылым  министрлігі ғылым  мен техниканы  дамытуға  қосқан үлестері  үшін ғалымдарды, ғылыми  ұйымдардың ғылыми қызметкерлерін ынталандыру  мақсатында   ғылым саласындағы сыйлықтарға, мемлекеттік ғылыми стипендияларға ие  болу үшін  жұмыстарды қабылдай  бастағанын хабарлайды. Биылғы  жылы ғылым саласындағы  сыйақыларға, мемлекеттік  ғылыми стипендияларға  ие  болу  үшін жұмыстарды  тұрғылықты  жер  бойынша ХҚКО арқылы тапсырыс

Көбірек

Азат елдің ар-намысы – Ата заң

Осындай тақырыппен 2017 жылдың 29 тамызында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің мәжіліс залында 30 тамыз – Конституция күніне орай дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге университеттің бірінші проректоры Қуанышбек Шүңкеев, ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Рахым Бекназаров, профессор-оқытушылар құрамы, факультет декандары мен аймақтық БАҚ өкілдері қатысты. Шара барысында университеттің профессор-ғалымдары баяндама

Көбірек

«Дербісалы Беркімбаев: тұлғасы және тарихи дәуірі» тақырыбында аймақтық ғылыми-практикалық конференция өтті

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен Хромтау қаласында 2017 жылы 26 тамызда ҚР Президенті Н. Назарбаетың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының шеңберінде «Дербісалы Беркімбаев: тұлғасы және тарихи дәуірі» тақырыбында аймақтық ғылыми-практикалық  конференция болды. Конференция басталмай тұрып «Кеңшілер мәдениет үйі» алдында Д.Беркімбаев ескерткішінің салтанатты ашылу жиыны болды. Д.Беркімбаевтың 180 жылдығына

Көбірек