Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Спортшы студенттер жеңіспен оралды

Спортшы студенттер жеңіспен оралды

20-22 наурыз аралығында Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің Дене шынықтыру және спорт институтында «Спорт, денсаулық және өмір қауіпсіздігі аумағы» тақырыбында атаулы дәстүрлі халықаралық ғылыми-практикалық форум және дене шынықтырудан халықаралық студенттік олимпиада өтті.

Жұбанов университетінен  барған кафедра меңгерушісі Төлеген Ботағариев, оқытушы Аслан Жиембаев бастаған делегация құрамында магистрлар мен студенттер  қатысты.

Аталмыш ғылыми конференцияда алғаш рет селектрлі жүйеде Ресей және Белоруссия мемекеттерінің ғалымдары мен магистрларының қатысуымен вебинар форматында форум ұйымдастырылды.

Университет магистрлары Ақгүл Кемал, Нұрғанат Қайназаров, Гүлмирам Сражова, Бексұлтан Максотов өз ғылыми жұмыстарының аясында баяндама жасап, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен таныстырды. Сондай-ақ,  Жұбанов университетінің студенттері  конференция кезінде ресейлік оқытушылар құрамы алдында  белсенділік танытты. Сонымен қатар университет магистранттары  халықаралық тәжірибе алмасу бағытында аталмыш жоғарғы оқу орнының профессорлары  С.С.Коровин және  П.П.Тиссенмен кездесіп, пікір алмасты.

Халықаралық студенттік олимпиадада команда мүшелері Мерей Смадияр, Лаура Балжанова, Виктор Пыхтеев, Вячеслав Малоиван теориялық сұрақтардан тест тапсыру, сабақ өткізу, сабақтан тыс шара өткізу, инклюзив оқушымен сабақ ұйымдастыру тәрізді тапсырмаларды орындауға қатысып, жалпы командалық есепте 2-орынға ие болды. Сондай-ақ, стритбол ойынында командалық 2-орын, «Сабақ беру» сайысында Мерей Смадияр «Үздік мұғалім» номинациясының жеңімпазы атанып, марапатталды.

Олимпиада соңында ұйымдастырушылар экскурсиялар ұйымдастырып, Орынбор қаласының танымал тарихи жерлерімен таныстырды.