Суббота, Июль 13, 2024
Басты > Жаңалықтар > Студенттер халықаралық конференциядан жеңіспен оралды

Студенттер халықаралық конференциядан жеңіспен оралды

Жұбанов университетінің Экономика және құқық  факультетінің студенттері   27-29 наурыз аралығында Орынбор мемлекеттік университетінің базасында өткен Бүкілресейлік  ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Жұбанов жастарының ғылыми жетістіктерін Орынбор мемлекеттік университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Татьяна Александровна Ольхова басқарған қазылар алқасы жоғары бағалады. Конференция барысында студенттер пленарлық және секциялық мәжілістерге, дөңгелек үстелдерге, дебаттарға, парламенттік пікірсайыстарға, ғылыми және тәжірибелік тренингтерге, лекциялар мен пікірталастарға, іскерлік ойындарға белсене қатысты.

Конференция қорытындысы бойынша төмендегі студенттері дипломдармен марапатталды:

1-дәрежелі диплом — 1-курс магистранты Данияр Бегімов — «Қазақстан Республикасында терроризм мен экстремизмге қарсы тұру әдістемесі» тақырыбында ғылыми жұмыс  үшін;

2-дәрежелі диплом – «Құқытану» мамандығының 2- курс студенті Раушан Смағұлова — «Экстремизм мен терроризмге қарсы тұру саласындағы мемлекеттердің ұлттық заңнамасын біріктіру мәселесі» тақырыбында ғылыми жұмысы бойынша  «Ресей Федерациясы Қылмыстық заңының құқық қолдану практикасының өзекті мәселелері» дөңгелек үстелі  жеңімпаз ретінде 1-ші дәрежелі диплом;

3 дәрежелі диплом – «Құқықтану» мамандығының 2-курс студенттері Ақерке Жұмабек және Ерсамат Қобланов «Қазақстанның көші-қон саясатының құқықтық негіздері» тақырыбындағы ғылыми жұмыстары үшін берілді.

Жеңіспен оралған жастар, «Жастар жылындағы бұл жетістіктеріміз — «Интеллектуалды ұлт» Қазақстанның мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға қосқан үлесіміз» дейді.

                                       Сандыгуль КЕЛБЕТОВА,

экономика және құқық факультеті