Понедельник, Апрель 29, 2024
Басты > Ел жаңалықтары > Колледждерге құжаттарды қабылдау 20 маусымнан басталады

Колледждерге құжаттарды қабылдау 20 маусымнан басталады

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова биыл колледждерге құжаттарды қабылдау 20 маусымнан басталатынын айтты.

Президент тапсырмасы бойынша министрлік кәсіпорындардың сұранысы бойынша кадрларды мақсатты даярлауды енгізіп жатыр. Ол үшін кәсіпорын колледжбен мақсатты дайындық туралы шарт жасасады. Кәсіпорын өз базасында студенттердің практикасын ұйымдастыру, оларды жұмысқа орналастыру міндетін өзіне алады, — деп айтты БҒМ өкілі.

Оның айтуынша, бұл шара болашақ кадрдың жұмыс берушінің талаптарына сәйкес болуын қамтамасыз етеді. Себебі олар білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысады.

Студенттен қорытынды емтихан қабылдап, оны практикадан өткізіп, оқуды бітіргеннен кейін жұмысқа алады. Осы жылдың өзінде кәсіпорындардың мақсатты тапсырысы бойынша 10 мыңнан астам талапкерді қамту жоспарланып отыр, — деп түсіндірді Насымжан Оспанова.

Оның берген ақпараты бойынша құжаттарды қабылдау 20 маусымнан басталады.

Әр талапкердің 4 мамандық пен 4 колледжді таңдауға мүмкіндігі бар. Педагогикалық мамандықтарға түсу үшін 4 балға дейін шекті бал жинау және эссе жазады, — деп толықтырды Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры.

 

/baq.kz/