Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ғылыми Кеңес мәжілісіндегі кезекті марапаттаулар

Ғылыми Кеңес мәжілісіндегі кезекті марапаттаулар

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Мәңгілік ел» конференц-залында өткен  Ғылыми кеңестің кезекті отырысында  университеттің төмендегі профессор-оқытушылары   марапатталды.

  1. Металлургия және тау кен ісі кафедрасының доценті, техника ғылымдарының кандидаты, доцент  Иманғазин Марат Қыдырбайұлына ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2019 жылғы 21 ақпандағы №183 бұйрығымен 05.26.00 – «Адам қызметінің қауіпсіздігі»                        мамандығы бойынша «Профессор» ғылыми атағы берілді;
  2. Отан тарихы және тарихи пәндер кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаты Избасарова Гүлбану Болатқызына 2019 жылғы 15 қаңтарда тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді;
  3. Экономика және құқық факультетінің деканы, экономика ғылымдарының кандидаты Тасмағамбетов Аслан Бөкенбайұлына ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2019 жылғы 27 ақпандағы №198 бұйрығымен 6D050600-Экономика мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі  және «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хаты берілді.

Құттықтаймыз!