Среда, Май 22, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Жемқорлықпен күрес – күн тәртібінен түспейді

Жемқорлықпен күрес – күн тәртібінен түспейді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің өкілдері Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүгінгі күннің талабы» тақырыбындағы дөңгелек үстелде бас қосты.

Елбасының Жолдаулары 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, бес институционалдық реформа және «100 нақты қадам» Ұлт жоспары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жүйелік жағдайларын және кез-келген көріністеріне қоғамдағы төзімсіздікті қалыптастыруды қарастырады. Осыған орай өткен дөңгелек үстелге ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аймақтық департаментінің басшысы Расул Медетов, осы департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Ербол Толыбаев, осы департамент  басшысының орынбасары Рафхат Бисенов және университет проректорлары мен студенттері қатысты.

Жиында алдымен  сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылық фактілері және оның  алдын-алу туралы бейнефильм көрсетілді.

Кездесуді ашқан Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ ректоры, профессор Бауыржан Ердембеков сыбайлас жемқорлықты жоюда университетте жасалып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

– Осы жобаны іске асыру нәтижесінде профессорлық-оқытушылық  құрам мен студенттер өздерінің идеялары бойынша студенттердің жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру және университеттегі жемқорлықтың алдын алу мүмкіндігіне ие. Бүгінгі күні Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің сапа мониторингі бөлімі студенттер арасында сыбайлас жемқорлықты анықтау және оған қарсы күрес туралы жасырын сауалнама жүргізеді. Мүдделі тұлғалар университеттің ресми сайтында орналастырылған формаларды толтыра алады. Сондай-ақ, емтихан кезеңінде «Біз таза сессияға барамыз!» акциясының аясында университетте сыбайлас жемқорлықта құқық бұзушылық фактілері бойынша шағымдар қабылдайтын Call-орталығы бар.

Сыбайлас жемқорлық қаупін жою үшін университетте сырттай оқыту жойылғанын атап өткен жөн. Сонымен қатар, бүгінгі күні университетте дипломломдық жобаларға қойылатын талаптар да күшейіп және GPA (студенттің орташа балы) өсті. Университет бейнебақылаумен толығымен жабдықталған, соның арқасында пәндер мен емтихандардың сапасы белсенді түрде бақыланады. Бұл шаралар университетте жарияланған «Сапа жылы» аясында өткізіледі», — деді ректор.

Кездесу барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Расул Медетов «Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» десек те, біз сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуіміз керек. Біздің мақсат — сыбайластықтың, пара беріп, пара алудың алдын алу»,-деп, студенттерге агенттіктің қызметі, сыбайлас жемқорлықпен күресудің мемлекеттік саясаты, қоғамның жемқорлықпен күресу әрекеттері турасында әңгімелеп берді.  Халыққа қызмет етуді өзіне міндет санаған департамент басшысы өз сөзінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңызы зор екенін айтты.

Айта кетейік, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ  — Ақтөбе облысының 4 жоғары оқу орындарын біріктіретін «Саналы ұрпақ» республикалық жобасының ресми жобалық офисі. Осы жобаны іске асыру нәтижесінде оқытушылар мен студенттер өздерінің идеялары бойынша студенттердің жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру және оқу ордасындағы жемқорлықтың алдын алу мүмкіндігіне ие.

Сондай-ақ, университет жанынан білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықты жою бағытында «Адалдық дүкені» дүкені мен «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» жобасы бойынша фронт-офисі ашылды және «Темірқазық» студенттерге қызмет көрсету орталығы (СҚКО) білім алушыларға, ПО құрамына, қызметкерлерге «бір терезе» қағидасы бойынша әкімшілік, оқу-ағартушылық және кеңес беру қызметтерін көрсетіп келеді.

Бұл басқосуда еліміздің 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының жүзеге асыру барысы туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Ербол Толыбаев баяндады.

Шарада ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті  басшысының орынбасары Рафхат Бисенов сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас пен құқықтық сана қалыптастыруға қосып жатқан үлесі үшін Жұбанов университетінің басшылығына алғысын жеткізді.

– Әр факультеттің адал оқытушысын анықтау мақсатында университетте  «Адал ұстаз» акциясын өткізуді ұсынамын. Нәтижесінде адал оқытушының фотосуреттері факультеттерде орналастырылады. Осылайша, бұл оларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске көмектесуге ынталандырады, – деді Рафхат Төлеуғалиұлы.

Жиынға қатысқан Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің   «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы Айнұр Нуруддинова сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет: тетіктері мен даму институты туралы баяндады.

Басқосу соңында қос тарап ынтымақтастық туралы  екіжақты келісімге қол қойып, нақты жоспар бекітілді. Бұл құжатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бірлескен әкімшілік кедергілерді азайту, сапасын арттыру, консультациялар беру, дөңгелек үстелдер мен тақырыптық жиындар (зерттеулер, семинарлар, конференциялар және т.б.) өткізу мәселелері қамтылған. Аталған бағыттар бойынша жұмыстар болашақта өз жалғасын табатын болады.

Сандуғаш БАЙҒҰЛҚЫЗЫ,
Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ Баспасөз қызметі  

https://docviewer.yandex.ru/view/0/?*=PE2eQwCLv72CmZ4ZFHg79QtnWdJ7InVybCI6InlhLWRpc2stcHVibGljOi8vaVNpbVpNcmdNZkVWcFgwZCtqajFsYlNCUTl6NysyKzgvdHhMcUlQRS9XLzlpVU93MS82Z1dVZFhFT1JNQXpoM3EvSjZicG1SeU9Kb25UM1ZvWG5EYWc9PSIsInRpdGxlIjoiMTlfMTc2LnBkZiIsIm5vaWZyYW1lIjpmYWxzZSwidWlkIjoiMCIsInRzIjoxNTU4NDE1OTgzNjQzLCJ5dSI6IjM2NjE2MDA5OTE1MTYyNTU2NjgifQ%3D%3D