Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Техникалық факультетінің студенттері марапатталды

Техникалық факультетінің студенттері марапатталды

Ағымдағы жылдың 6-7 қазан күндері Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің техникалық факультетінің студенттерінен құралған еріктілер тобы «Қазроботикс» Қазақстандық білім беру және спорттық робототехника  федерациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «KazRobotics — 2017» халықаралық робо-фестиваліне қатысқан болатын.

Осыған орай университеттің «Құдайберген Жұбанов» атындағы конференц-залында халықаралық робо-фестивалді өткізуге көмектескені үшін техникалық факультетінің студенттерін марапаттау рәсімі өтті.

Аталмыш ұйым бірлестігінің президенті А.А.Жекеева университеттің техникалық факультеті студенттеріне арнайы сертификаттар табыстап, университет ректоры, профессор Бауыржан Аманкелдіұлына баянды серіктестік орнатып, фестивальді өткізуге ықпал еткені үшін Алғыс хатын табыстады.

Салтанатты шараға техникалық факультетінің студенттері, факультет деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, «Металлургия және тау-кен ісі» кафедрасының меңгерушісі және Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің директоры мен университеттің Баспасөз қызметі  қатысты.