Четверг, Июль 16, 2020
Басты > БАҚ біз туралы > Ақпараттық білім беру кеңістігін құрудың негізі

Ақпараттық білім беру кеңістігін құрудың негізі

Жаңа технологиялық революция жасанды интеллект, робототехниканы, виртуалды шындық және басқа да инновацияларды қолдану оқыту мен жұмыс сипатына күшті әсер ететін сандық технологиялардың кең таралуына әкеледі.

Елімізде коронавирус инфекциясының таралуына байланысты төтенше жағдай режимі мен жалпыұлттық карантин енгізілгеннен кейін  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде қашықтан білім беру жүйесіне көшті. Бұл біздің жоғары оқу орны үшін қиындық туғызбады. Онлайн білім алу бұл дүниежүзінде қолданылып жатқан дағды. Дей тұрғанмен бұл технологияны пайдалану үшін әуелі инфрақұрылым дайын болғанымен, оған қоса қашықтан оқыту кезінде қолданылатын платформалармен жұмыс істей алатын педагог кадрларымыздың дайын болуы да маңызды болды.

Аталмыш оқу ордасында колледжден кейін, екінші жоғары білім алатын студенттерге, шетелде академиялық ұтқырлық бағдарламасымен оқитындарға арналған қашықтан оқыту технологиялары негізінде қысқартылған арнайы білім беру бағдарламалары бар. Осыған байланысты, жаңа технологияларға еш кедергі жоқ. Сондықтан бұл форматқа көшу университетімізге еш қиындық туғызған жоқ. Жоғары оқу орнымызда робот техникасы кабинеттері, STEM-зертханалар аясында виртуалды шындық жобалары іске асырылып келеді.

Ал виртуалды шындық, зертхана сыныптары оқу процесі барысында пайдаланылып та жүр. Алайда цифрландыру қарқыны қызметкерлердің көпшілігінің сандық орта құралдарын қолдану саласындағы дағдылар мен біліктердің дамуынан асып түседі. Сондықтан қызметкерлеріміздің цифрлық сауаттылығы, әсіресе кәсіби ортада өзекті мәселеге айналды. Оны қазірдің өзінде көп жұмыстың онлайн режимге көшуі көрсетіп отыр. Міне осы тәжірибеден соң қызметкерлеріміздің цифрлық сауаттылығын арттыру біздің университеттегі Үздіксіз білім беру институтының алғашқы жұмыс бағыттарының бірі болып отыр. Қызметкерлердің цифрлық сауаттылығы цифрлық технологиялар мен интернет ресурстарын қауіпсіз және тиімді пайдалану үшін қажетті білім мен білік жиынтығымен анықталады. Жұмыс қызметін цифрландыру технологиялардың жұмыс ортасына және әрбір қызметкердің жеке кеңістігіне енуіне жол ашу үшін Үздіксіз білім беру институты «Цифрлық сауаттылық» жобасы аясында курстарын өткізуді жоспарлауда. Цифрлық сауаттылық курста рын ұйымдастыру мақсаты – ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану саласындағы әр түрлі міндеттерді шешу қабілеті: ақпаратты іздеу мен алмасуды, сұрақтарға жауаптарды, басқа адамдармен өзара іс-қимылды және компьютерлік бағдарламалауды қоса алғанда, цифрлық технологиялардың көмегімен мазмұнды пайдалану және құруды меңгерту.

Цифрлық әлемде өмір сүру үшін техникалық және зияткерлік цифрлық дағдыларды қалыптастыру керек, яғни біз ақпаратқа қол жеткізу және оны басқару үшін цифрлық құрылғыларды, коммуникациялық қосымшалар мен желілерді пайдалану саласындағы білімдер мен іскерліктерге негізделген мінез-құлық модельдерін автоматтандыруға

дейін жеткізуін қалыптастыруымыз керек.

Жоспарлап отырған курстарымыз қызметкерлерімізге цифрлық контент жасауға және алмасуға, оқытуда, жұмыста және жалпы әлеуметтік қызметте тиімді және шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі жүзеге асыру үшін проблемаларды коммуникациялауға және шешуге мүмкіндік береді және білім берудегі цифрлық өзгерістер инновациялар, өмір сүру деңгейінің өсуі және әлеуметтік әл-ауқатының драйвері болып табылады. Сондықтан да университет қызметкерелерінің жаңа технологияларға көшуі, жаңа білім мен технологияларды игеруі тұрақты оқыту курстары арқылы іске асырылып отырады

Гулбану Такишева,

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемелкеттік университеті

Үздіксіз білім беру институтының директоры