Среда, Декабрь 7, 2022
Басты > Жаңалықтар > «Ректор кубогі» үшін үстел теннисінен турнир өтті

«Ректор кубогі» үшін үстел теннисінен турнир өтті

2017 жылдың қазан айының 14 күні Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруымен №2 Спорт кешенінде университетімізде тұңғыш рет «Ректор кубогі» үшін профессорлық-оқытушылық құрам мен студенттер арасында үстел теннисінен ашық турнир өтті.

Турнирге оқытушылар мен студенттер арасынан 40 адам қатысып, өзара бақтарын сынады. Жарыс қорытындысы бойынша физика-математика факультетінің 4-курс студенті Қонысбек Қайыров бірінші орын иеленіп, арнайы кубокке ие болды. Сонымен қатар кәсіби-шығармашылық факультетінің 2-курс студенті Нұрлан Ешимов екінші орын және кәсіби-шығармашылық факультетінің 1-курс студенті Сағынған Орынғалиұлы үшінші орын иегері атанды.

Сайыс жүлдегерлеріне арнайы медальдар мен дипломдар табысталды. Алдағы уақытта аталмыш турнир дәстүрлі түрде жалғасын табатын болады.