Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Шығармашылық мамандықтарға түсуші талапкерлерге

Шығармашылық мамандықтарға түсуші талапкерлерге

Жұбанов университетінің шығармашылық мамандықтарына түсу үшін емтихан тапсыратын талапкерлерге шығармашылық емтихандар онлайн және офлайн форматта өткізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Жұбанов университетінде шығармашылық дайындықты талап ететін «Дене шынықтыру және спорт», «Музыкалық білім», «Хореография», «Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау»,  «Дизайн» мамандықтарына құжаттар қабылдау 20 маусым мен 7 шілде аралығында жүргізіліп, емтихандар 8-13 шілде күндері өткізіледі.

Шығармашылық дайындықты талап ететін, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсуші ҰБТ-дан өткен және республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты немесе нысаналы трансферттер шеңберінде республикалық бюджеттен түскен қаражат есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысуға және (немесе) ұлттық ЖОО-ға ақылы оқуға ниет білдірген орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері ҰБТ және шығармашылық емтихан нәтижелері бойынша – кемінде 65 балл, «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша – кемінде 70 балл, басқа ЖОО-ға – кемінде 50 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы – оқу тілі бойынша – кемінде 5 балл және әр шығармашылық емтиханнан кемінде 5 балл алуы қажет.

Шығармашылық дайындықты талап ететін, ҰБТ-дан өткен, қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты немесе нысаналы трансферттер шеңберінде республикалық бюджеттен түскен қаражат есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысуға және (немесе) ақылы оқуға ниет білдірген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері ҰБТ және шығармашылық емтихан нәтижесі бойынша кемінде 25 балл, оның ішінде шығармашылық емтиханнан – кемінде 5 балл және бейіндік пән бойынша кемінде 5 балл алуы қажет.

Шығармашылық мамандықтарға жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер үшін бейіндік пән бойынша балдар ескеріледі және бір шығармашылық емтихан тапсырады. Сонымен қатар, шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша білім беру грантының конкурсына қатысу шығармашылық емтихан өткен жоғары оқу орындарында жүргізіледі.

Шығармашылық емтиханға байланысты толық мәліметті Жұбанов университетінің  Қабылдау комиссиясынан алуға болады.