Суббота, Апрель 27, 2024
Басты > Жастар саясаты > 24 ELEMENT» командасы беделді байқауда бақ сынайды

24 ELEMENT» командасы беделді байқауда бақ сынайды

Жұбанов университетінің «24 ELEMENT» зияткерлер командасы «Student Energy Challenge» байқауының кезекті кезеңіне өтті.

Командалық зияткерлік  байқау  Қазақстанның студент жастары арасында энергетикалық міндеттердің инновациялық шешімін дамытуды қолдау мақсатында өткізіледі. Байқаудың ұйымдастырушылары — Kazenergy қауымдастығы және «Шелл Қазақстан» компаниясы»

Байқау  тау-кен өндіру және өңдеу салаларында тиімділікті арттыру, электр энергетикасы/жаңартылатын және баламалы энергия көздері, өндіруші салаларда цифрлық технологиялар мен тиімді инновациялық шешімдерді енгізу, экология/ денсаулықты қорғау бағыттары бойынша өткізілді.

Іріктеу қорытындысы бойынша Жұбанов университетінің «24 ELEMENT»  командасы қазан айында өз жобаларын қорғайтын 14 үздік команданың қатарына кірді.

Еске салайық, әділқазылар алқасының айтуынша,  былтыр Жұбанов университетінің командасы жарыстың финалына өтіп, үздік 5 команданың қатарына енген болатын.

«Металлургия және тау-кен ісі» кафедрасында ұйымдастырылған «24 ELEMENT» ғылыми үйірмесі жыл сайын республикалық пәндік олимпиадалар мен студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауларында  жүлделі орындарға ие болды.  Айта кетейік, клуб мүшелері студенттер мен магистранттар қатарынан шыққан жас ғалымдар, олардың көпшілігі аталған оқу ордасының басшыларының орынбасарлары мен көмекшілеріне дейін өсті.

 

Жас зерттеушілер тобына қосылу үшін +7 778 932 95 65 нөміріне хабарласа аласыз (жетекшісі Альбина Ерсайынова)