Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Екіжақты келісімге қол қойылды

Екіжақты келісімге қол қойылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында жоғары оқу орындарында мамандарды даярлау сапасын арттыру қажеттігін атап, түлектерді жұмысқа орналастыру жоғары оқу орындарының басты міндеті  болуы керек деген болатын.

Мемлекет басшысының Жолдауы аясында «Ақжол Газ Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен Жұбанов университеті ірі  металлургиялық  кәсіпорындар  орналасқан өңірлерді дамыту, өнеркәсіптік әлеуетті толық пайдалану және  ғылымды дамыту мақсатында   ынтымақтастық туралы екіжақты келісімге қол қойылды.

Екіжақты келісім өнеркәсіп кешені саласында білім беру-өндірістік кластерін құру, техникалық бейіндегі кадрларды даярлау саласында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту, өндірістермен кәсіпорындар үшін кадрларды мақсатты даярлауды кеңейту, кадрларды даярлаудың дуальді жүйесін енгізу үшін жағдай жасау, гранттарға және ғылыми-техникалық жұмыстарды субсидиялауға өтінімдерді ресімдеуді және беруді ұйымдастыру, өндіріске ғылым мен техниканың жетістіктерін енгізу бойынша өзара тиімді ынтымақтастық үшін жағдай жасау, оларды іс жүзінде іске асыру мүмкіндігімен өндірістік құрылымдардың нақты «тапсырыс портфельдерін» рәсімдеу бағыттары бойынша жүзеге асырылады.

Екіжақты кездесу барысында университет ректоры, профессор Бауыржан Ердембеков өңірдің нарығына қажетті бәсекеге қабілетті жоғары кәсіби білікті мамандар даярлауда тәжірибе алмасу және осы мақсатқа қол жеткізу үшін білім беру процесін өндіріспен байланыстырудың маңыздылығы зор екендігін атап өтті. Өз кезегінде «Ақжол Газ Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Руслан Ақжолов аталған бағыттар бойынша  бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендігін жеткізіп, көрсетілген құрметке риясыз алғысын білдірді.

Кездесуде профессор-оқытушылар мен мекеме  басшылары  да өз ұсыныстарын ортаға салды.

Айта кетейік, Жұбанов университетінде өңірдегі және республика аумағындағы іргелі кәсіпорындармен, сондай-ақ компаниялармен тиісті келісімшарттар жасалған. Бүгінгі таңда университет аймақтағы 450-ден астам компаниямен ынтымақтастық орнатты.

Жұбанов университетінің техникалық факультеті мен аймақтық компаниялардың, атап айтқанда «Ақжол Газ Сервисінің» бірлескен жұмысының нәтижелері тек Ақтөбе облысында ғана емес, Қазақстанда қолданбалы ғылым мен өндірістік әлеуетті дамытуға көмектеседі, бұл ең басты басым бағыттардың бірі болып табылады. 1996 жылы құрылған техникалық факультеті Қазақстан Республикасының әр түрлі салаларының кәсіпорындары мен мекемелері үшін жоғары білікті техникалық мамандар даярлайтын Жұбанов университетінің негізгі құрылымдық бөлімшелерінің бірі. Қазіргі таңда факультетте 9 мамандық бойынша жоғары білікті бакалавр мамандар даярланады.

Өткізілген басқосу соңында  жұмысшы мен жұмыс берушінің арасындағы алтын көпір ретінде  ынтымақтастық туралы екіжақты келісімге  қол қойылды.