Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет ғалымдары жоба грантын ұтып алды

Университет ғалымдары жоба грантын ұтып алды

Жұбанов университетінің профессоры Қуанышбек Шүңкеев «Материалдардың радиациялық физикасы» ғылыми-зерттеу орталығының ғалымдарымен бірге 27 ай мерзімге ҚР Білім және ғылым министрлігінің ғылыми жобасын қаржыландыру грантын жеңіп алды. Қаржыландыру көлемі 58 миллион теңгеден асады.

Торлы симметриясының төмендеуі кезіндегі сілтілі-галоидты кристалдардың люминесценциясының физикалық ерекшеліктерін зерттеу «Физика» мамандығында оқитын докторанттардың және Эстония, Латвия мен Ресейдің шетелдік серіктестерінің қатысуымен жүргізілетін болады.

Сонымен қатар, Жұбанов университетінің «Математика» кафедрасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының кандидаты Мадина Тілеубергенова 12 айға жүзеге асыру бойынша жобаны жеңіп алды.

Еске сала кетейік, осы жылдың көктемінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру бойынша екі байқау жариялаған болатын. Байқауды ҚР БҒМ Ғылым комитеті ғылымды дамытудың сегіз басым бағыты бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша өткізді.