Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Олимпиада жеңімпаздары Құдайберген Жұбанов атындағы грантқа ие болды

Олимпиада жеңімпаздары Құдайберген Жұбанов атындағы грантқа ие болды

Жұбанов университетінде өткен физика және математика  пәндері олимпиадасының үздіктері марапатталды.

Олимпиадаға Ақтөбе қаласы мен аудандарындағы мектептерден  200-ден астам оқушы қатысты. Олимпиада барысында оқушылар  ҰБТ форматында қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық,  математика және физика бейіндік пәндері бойынша тест тапсырмаларынан өтті.

Олимпиада нәтижесінде 3 жеңімпаз Құдайберген Жұбанов атындағы грантқа ие болды, қалған 6 жеңімпаз елу, отыз бес және жиырма пайыз жеңілдікпен университетте оқуға мүмкіндік алды.

Айта кетейік, Zhubanov олимпиадасы  12 қаңтарға дейін жалғасады.

Бұл күндері  биология, география, химия, тарих, құқық, музыка, хореография, әдебиет, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің мамандары анықталады.

Үздіктер Жұбанов университетінде білім грантының иегері атануға мүмкіндік алады.