Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > «TOEFL» сынағы ұйымдастырылды

«TOEFL» сынағы ұйымдастырылды

Бүгін Жұбанов университетінде «TOEFL» сынағы ұйымдастырылды. Мұнда халықаралық емтихан тапсырғысы келетіндер алдын ала тестілеуден тегін өтті. Сынақты тапсыруға 48 адам өтініш берген.

TOEFL тапсыруға ниет білдіргендердің арасында докторантураға түсу немесе көптілді топтарда сабақ беру үшін өз білімін жетілдіретін, сондай-ақ магистратура мен шетелдік жоғары оқу орындарына түсуге ниет білдірген ЖОО оқытушылары бар.

Жұбанов университетінде халықаралық TESOL (Tеaching English to Speakers of Other Languages) дәрежесіндегі оқытушы, STEM пәндері және ағылшын тілі мұғалімдеріне ағылшын тілін оқыту әдістемесі бойынша жаттықтырушы сабақ беретін курстар жұмыс жасайды.

Ал, сертификаттар берілетін тестілеу наурыз айында басталады.