Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Волейбол лигасы басталды

Волейбол лигасы басталды

Демалыс күндері  Жұбанов университетінде жартылыстану факультетінің ұйымдастыруымен  «ZHUBANOV VOLLEYBALL LEAGUE»  атты спорттық жарыс басталды.

Ойынның ашылуында университет ректорының міндетін атқарушы Рахым Бекназаров  спорт сүйер қауымды ойынның ашылуымен құттықтап, спортшыларға сәттілік тіледі.

Волейбол алаңында үздіктер атағына төмендегі  11 команда таласты.

«TECH TEAM»  командасы – техникалық факультеті;

«THE FIRST» командасы — техникалық факультеті;

«FILPOWER» командасы  — филология факультеті;

«PTF — EMPIRE» командасы — кәсіби-шығармашылық факультеті;

«ZHASTAR» командасы — кәсіби-шығармашылық факультеті;

«ALASH» командасы — Жоғары колледж;

«BARYS» командасы — Жоғары колледж;

«ELEXT» командасы — физика-математика факультеті;

«SPARTA» командасы  — тарих факультеті;

«LEGION» командасы  — экономика және құқық факультеті;

«FAVORITE» — жаратылыстану факультеті.

 

«VOLLEYBALL LEAGUE» І турының нәтижесі  бойынша:

«ZHASTAR-PTF» 0-2 «VC LEGION»

«TECH TEAM» 0-2 «SPARTA»

«THE FIRST» 2-0 «ALASH»

«PTF EMPIRE» 2- 0 «FILPOWER»

«FAVORITE» 2-1 «BARYS»