Четверг, Май 2, 2024
Басты > Жаңалықтар > Қазақстан чемпиондары атанды

Қазақстан чемпиондары атанды

Жұбанов университетінің студенттері самбодан жүлдемен оралады. Университеттің кәсіби-шығармашылық факультетінің екінші курс студенті Бекзат Мұханбетов (53 кг. салмақ дәрежесінде) спорттық самбодан 1 орын алды.

«Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3 курс студенті Арман Тұрымбетов 53 кг салмақ дәрежесінде жауынгерлік самбодан 1 орынды иеленді.

Жұбанов университетінің  түлегі, әлем чемпионы, әлем кубогының 2 дүркін иегері Есет Қуанов 71  кг салмақта өзінің салмақ дәрежесін өзгертіп,  спорттық самбодан әлем чемпионы Нұрбол Серіковпен кездесті, 2 орынға ие болды.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған самбодан әйелдер мен ерлер арасындағы Қазақстан чемпионаты Талдықорған қаласында 24-27 ақпан аралығында өтті, оған 550 спортшы қатысты.