Среда, Май 8, 2024
Басты > Жаңалықтар > Өзекті мәселелер талқыланды

Өзекті мәселелер талқыланды

Бүгін «Қоршаған орта интеллект қоғамы» IV Халықаралық ғылыми конгресінің ашылуы өткізілді. Аталмыш шараны «Жібек жолы» қауымдастығының қолдауымен Жұбанов университеті бірлесе ұйымдастырды.

Онлайн форматта өткізілген жиын Украина, Латвия, Өзбекстан, Грузия, Словакия, Румыния, Израиль және Польша мемлекеттерінің жоғары оқу орындарының өкілдерін біріктірді.

Онлайн-конференцияның миссиясы — жаңа білім алу және ақпарат пен озық тәжірибе алмасу, цифрлық экономиканың жаһандануы жағдайында ақпараттық қоғамның қазіргі заманғы үрдістерімен және технологияларымен жұмыс істеу мақсатында академиялық қоғамдастық пен бизнестің ынтымақтастығы үшін жан-жақты платформа ұйымдастыру болып табылады.

Сарапшылар ақпараттық технологиялар және бизнес-инновациялар, іскерлік қарым-қатынас және лингвистика, қоғамды цифрландыру, әлеуметтік жұмыс, экология және өзге саладағы салалардағы тәжірибелерімен бөлісті.