Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет түлегі ауылды нанмен қамтып отыр

Университет түлегі ауылды нанмен қамтып отыр

Амандық Жанзақов —  Жұбанов университетінің түлегі, ол бірнеше жыл бұрын «Есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген. Бүгінде іскер жігіттің наубайханасынан шыққан наны Хромтау ауданының Тассай ауылында үлкен сұранысқа ие.

Қазіргі уақытта іскер кәсіпкер өндірісті кеңейтіп, жаңа өнімдерді көрші ауылдарға жеткізуді жоспарлап отыр. Амандық Жанзақов «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы ретінде 4 миллион 600 мың теңге көлемінде грантты ұтып алды.

Мен қазіргі уақытта жаңа бизнес ашу үшін құжаттар дайындап жатырмын, жартылай фабрикатты дайындайтын цехқа арналған жабдықтар сатып алдым. Өнім стандарттарға сәйкес дайындалады. Барлығы реттелген кезде бес адамды жұмысқа аламын, — деп бөлісті «Актюбинский вестник» газетіне берген сұхбатында.

Осы уақытта ол ағымдағы жылдың наурыз айында ашылған шағын наубайханада жұмысын жалғастыруда. Бүгінде ол екі жерлесін жұмыспен қамтыды. Олар күніне жүзден астам  бөлке нан мен басқа да тоқаш өнімдерін дайындайды.