Понедельник, Май 6, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Қорғанысты қолдаймыз»: шекара қызметкерлеріне сертификаттар табысталды

«Қорғанысты қолдаймыз»: шекара қызметкерлеріне сертификаттар табысталды

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік  университеті мен «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті» Шекара қызметінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мемлекеттік мекемесі арасында біліктілікті арттыру және  ынтымақтастықты дамыту меморандумының аясында “Қорғанысты қолдаймыз” әлеуметтік жобасы ақпан айында бастау алған болатын.

Жобаның негізгі мақсаты — Ақтөбе облысы бойынша шекара қызметкерлеріне психологиялық бағыттағы біліктілігін арттыру.

Бір ай көлемінде 50-ге жуық шекара қызметкерлері «Тұлғаның мінез-құлқының бағыттылығы» тақырыбындағы курстан өтті.

Біліктілікті арттыру курсы бойынша сабақтар мен тренингтерді университеттің педагогика және білім берудегі менеджмент факультетінің оқытушылары жүргізді.

Бүгін Жұбанов университетінің Басқарма мүшелері, ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Рахым Бекназаров және академиялық мәселелер жөніндегі проректор Людмила Мясникова шекара қызметкерлеріне курстың үшінші легін сәтті аяқтағандығын растайтын сертификаттарды табыстады.

Айта кетейік, өткен жылы 100-ге жуық шекарашы біліктілікті арттыру курсынан өтті.