Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Кәсіподақтың марапатын иеленді

Кәсіподақтың марапатын иеленді

Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай  Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Ақтөбе облыстық ұйымының ұйымдастыруымен «Онлайн білім беру жағдайындағы ұстаздар шеберлігі» тақырыбында  облыстық кейс чемпионаты ұйымдастырылды. Бұл шара  алғаш рет өткізіліп отыр.

Кейс чемпионатына Жұбанов университеті, Ақтөбе жоғары полетехникалық колледжі, Ақтөбе гуманитарлық колледжі, Көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледждерінің жас оқытушыларынан құралған командалары қатысты.

Чемпионат барысында қашықтан оқыту жағдайында оқу және тәрбие процесінің кемшіліктері, маман дайындауда арнайы пәндердің оқытылуы,  онлайн жағдайда практикаларды ұйымдастыру жобалары ұсынылды.

Шара қорытындысында  Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілді.  Бұл бәсекеде жүлделі бірінші орын Жұбанов университетіне бұйырса,  екінші орынды Ақтөбе гуманитарлық колледжі місе тұтты. Ал үшінші орынға Көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі ие болды.

Барлық қатысушыларға Алғыс хаттар табысталып,  кәсіподақ ұйымының қолдауымен жеңімпаздар қаржылай сыйлықтармен марапатталды.