Суббота, Апрель 27, 2024
Басты > Жаңалықтар > Білім және ғылым министрі Алғыс хатпен марапаттады

Білім және ғылым министрі Алғыс хатпен марапаттады

Жұбанов университетінің түлегі Жандос Сансызбаев Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің қолынан Алғыс хатпен марапатталды. Алғыс хат Жандос Сансызбаевқа, оның жетекшілігімен дайындаған оқушы Ернар Батыржанов биология пәні бойынша Халықаралық олимпиададан қола медаль жеңіп алғандығы үшін берілді.

Айта кетейік, Жандос Сансызбаев 2019 жылы Жұбанов университетін биология мамандығы бойынша бакалавриат, 2021 жылы магистратура бойынша тәмамдаған болатын.