Жоғары оқу орындарында білім алушылардың қауіпсіздігін сақтау өзекті мәселелердің бірі. Террорлық қауіп-қатер, өрт секілді тағы да басқа қатерлердің алдын алу маңызды.
Осыған орай Ақтөбе қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы, аға лейтенант Дамир Ахатов профессор-оқытушылар құрамы және оқу ғимараттары мен жатақханалардың әкімшілерімен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ол қауіп-қатер кезінде ережелерді дұрыс сақтай білуге баса назар аударды.
Сонымен бірге кездесуде Ситуациялық орталық директоры Нұркеш Жалғасбаев және университеттің төтенше жағдайлар және өрт қауіпсіздігі жөніндегі инспекторы Вадим Ишкенов ЖОО-да қауіпсіздік шаралары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.
Мұндай түсіндіру жұмыстары жақын арада студенттерге де жүргізілетін болады.