Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетімен танысты

Жұбанов университетімен танысты

Ашық есік күні – оқу ортасымен және ЖОО қауымдастығымен танысудың бірегей мүмкіндігі.

Бұл ретте күні кеше филология факультетінің «Шетел филологиясы және аударма ісі»кафедрасы болашақ талапкерлерді тарту мақсатында кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында «Мамандықтар әлемі » тақырыбында шараны ұйымдастырды.

Аталған шарада 2022 жылы оқуға қабылдау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ білім беру бағдарламалары, факультеттің халықаралық байланыстары ұсынылды, сонымен қатар  қатысушылармен ағылшын, неміс тілдерінде викториналар, ойындар, конкурстар, кофе-брэйк өткізілді.

Конфуций институтының директоры және Қытай тілінің оқытушылары қонақтарға қытай халқының мәдениетін таныстырды. Қытай тілінің траекториясы бойынша оқитын «Аударма ісі» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері ағылшын және қытай тілдерінің екі жақты аудармасын меңгеру шеберлігін көрсетті.

Іс-шараға қала мектептерінің 11 сынып оқушылары, сондай-ақ мұғалімдер шақырылды. Басқосу  барысында оқушылар оқу бағдарламалары мен мамандықтары, университетке түсу ережелері мен талаптары туралы толығырақ мәлімет алып, барлық қызықтыратын сұрақтарға жауап алды.

Шара соңында барлық белсенді қатысушыларға дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.