Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінің 29 бағдарламасы аккредиттелді

Жұбанов университетінің 29 бағдарламасы аккредиттелді

Университет мамандандырылған аккредиттеу рәсімінен өтті.

Білім беру қызметіне қойылатын халықаралық талаптардың бірі – білім беру бағдарламасының мамандандырылған аккредиттеуден өтуі. Аккредиттеу – білім бағдарламаларының халықаралық стандарттарға сәйкестігін анықтау үшін жүргізілетін бағалау процесі. Биылғы оқу жылы Жұбанов университетінің 29 бағдарламасы аккредиттелді.

Мамандар университеттің материалдық-техникалық базасын, оқытушылардың ғылыми әлеуетін және студенттердің білімге деген ынтасын жоғары бағалады. Сондай-ақ, университет пен түлектер, жұмыс берушілер арасындағы кері байланыс жоғары деңгейде екендігі атап өтілді.