Четверг, Май 2, 2024
Басты > Хабарландырулар > Жоғары колледж директорының лауазымына конкурс жарияланады

Жоғары колледж директорының лауазымына конкурс жарияланады

ЛАУАЗЫМДЫҚ  НҰСҚАУЛЫҒЫ

Лауазымдық міндеттері:

— Қазақстан Республикасының заңнамасына және білім беру ұйымының жарғысына сәйкес оқу -әдістемелік, ғылыми — әдістемелік және әкімшілік – шаруашылық жұмыстарды оқу орнының жарғысы және өз күшіндегі заңнамаларды негізге ала отырып, ұйымдастыруға;

— Оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу процесінің кестесін, ішкі тәртіп ережелерін басқа да нормативтік актілерді бекітеді;

— Білім беру ұйымының құрылымын, штаттық кестесін, ішкі тәртіп ережесін бекітеді;

— Білім алушылар контингентін қалыптастырады, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді, сақтауға, олардың әлеуметтік жағынан қорғалуына;

— Жұмыс берушілермен және әлеуметтік әріптестермен жүргізілетін жұмысты үйлестіру, байланыс орнату;

— Колледжге тиесілі мүлікті ұтымды пайдалануына, оның сақталуын бақылауға, оқу – материалдық базаны дамытуға ұсыныстар беруге, санитарлық гигиеналық ереженің сақталуын және еңбек қауіпсіздігін сақтауды қадағалауға;

— Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады;

— Жоғары колледждің оқыту қызметінің саласын дұрыс ұстау және кеңейту мақсатында инновациялық білім технологияларын енгізу және тартуды қамтамасыз ету;

— Оқытушылық құрамның квалификациялық деңгейін, кәсіптік шеберлігін көтеруге жағдай жасауға;

— Үздіксіз кәсіптік білім беру мақсатында мектептермен, басқа кәсіптік білім беру мекемелері және жоғарғы оқу орындарымен байланыс орнатуға;

— Қоғамдық орындармен, ата – аналармен (олардың орнын басатын тұлғалармен) байланыс орнатуға;

— Кадрларды іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады;

— Педагогикалық және тәрбие процесінің қажетті деңгейін қамтамасыз ету, олардың біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдайларын жасау;

— Уәкілетті органға оқу, ғылыми және қаржылық қызмет нәтижелері туралы жыл сайынғы есеп береді;

— Еңбекті қорғау, техникалық қауіпсздік жөніндегі заңңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарын орындауды қамтамасыз ету және қауіпсіз еңбек етуге жағдай жасау; 

Білуге міндетті:

— Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін;

— Білім беру саласындағы менеджмент негіздерін;

— қазіргі педагогтік ғылым мен тәжірибе жетістіктерін;

— басқарудың инновациялық әдістерін;

— экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық мәселелерін;

— еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелер мен нормаларын.

— Ағылшын тілін білуі.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

— Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім, тиісті бейін бойынша кәсіптік білімі немесе және педагогикалық қайта даярлаудан өткені туралы құжат; «Болашақ» бағдарламасының,  QS WR 100 кіретін жоғары оқу орнының  аяқтаған құжаттарының болуы артықшылық болып табылады.

— білім беру саласындағы жұмыс өтілі соңғы 5 жылдан кем емес, оның ішінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымында немесе тиісті бейіні бойынша кәсіпорындағы еңбек өтілі кемінде 3жыл;

— оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде-қосымша педагогтың бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог — сарапшының, педагог — зерттеушінің, педагог — шебердің біліктілік санатының болуы;

— ағылшын тілін меңгергенін растайтын сертификаттары бар болуы;

құжаттарды тапсыру:

конкурсқа түйіндеме және біліктілліке қойылатын талаптардың құжаттарын тапсыру мерзімі: 2022 жылғы 12 қаңтардан 19 қаңтар  аралығында  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, ағ.Жұбановтар көшесі, 263; Қызметкерлерді басқару және құжатайналым қызметі бөліміне (1 кабинет) өткізу қажет. Телефон: 8(7132) 55-24-68.