Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға шақырамыз

Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға шақырамыз

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті 2022 жылғы 18 ақпанда психология ғылымдарының докторы және педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық психология ғылымдары академиясының академигі, Халықаралық имиджелогия академиясының академигі, Халықаралық адам факторы академиясының академигі, Халықаралық әлеуметтік жұмыс академиясының академигі А.А. Калюжныйдың еске алуы мен 70 жылдығына арналған «ІІІ Калюжный оқулары: педагогикалық ғылым мен практиканың консолидациясы жаңа буын мамандарын даярлаудың негізі ретінде»  атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.

Конференцияның мақсаты-қазіргі кезеңде тұлғаның педагогикалық имиджін және рухани-адамгершілік тәрбиесін жетілдіру бағыттарын жан-жақты талқылау, зерттеу, ғылыми нәтижелермен, және халықаралық тәжірибемен алмасу.

Конференцияға қатысуға ғалымдар, оқытушылар, мұғалімдер мен әдіскерлер, докторанттар, магистранттар мен студенттер шақырылады.

Өткізу нысаны: COVID-19 шектеу шараларына байланысты аралас қатысу форматы жоспарланады (online, offline), ZOOM платформасы (конференция идентификаторы және кіру коды қатысушыларға қосымша жіберіледі).

Конференцияның өткізілу мерзімі:

Пленарлық мәжіліс: 18 ақпан 2022 жыл. Басталуы: 09:00 (Ақтөбе уақыты)

Шеберлік кластары: 18 ақпан 2022 жыл. Басталуы: 14:00 (Ақтөбе уақыты)

Ақпараттық хат