Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Өртке қарсы оқу-жаттығу шарасы өтті

Өртке қарсы оқу-жаттығу шарасы өтті

Тілсіз жаудың алдын алу шараларының маңыздылығы жоғары. Бүгін Жұбанов университетінің өрт қауіпсіздігі мамандары Ақтөбе қаласындағы №4 өрт сөндіру бөлімімен бірлесіп оқу-жаттығу сабағын өткізді.

№3 Студенттер үйінде өрт қауіпсіздігіне байланысты оқу-жаттығу дабылы қағылды. Ғимараттағы қызметкерлер мен студенттер жылдам сыртқа шығарылып, қауіпсіздік ережелері бұлжытпай орындалды.

Университеттің төтенше жағдайлар және өрт қауіпсіздігі жөніндегі инспекторы Вадим Ишкеновтің айтуынша, мұндай шараларды өткізудегі мақсат — өрт қауіпсіздігін сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу.

«Тілсіз жауға қарсы оқу-жаттығу сабақтары Төтенше жағдайлар бөлімі ұсынған кесте бойынша жүргізіледі. Университет қызметкерлері мен студенттерді өрт болған жағдайда дұрыс эвакуациялауға үйрету маңызды іс-шаралардың бірі», — дейді ол.

Айта кету керек, 2021 жылдың көктем мезгілінен бастап университет ғимараттарында бір өртке қарсы тактикалық оқу-жаттығуы және үш оқу-жаттығу сабағы өткізілген.
Кезекті жаттығуда арнайы дайындық барысы пысықталып, өрт сөндіру мамандары бірлесе отырып, кез-келген қауіп-қатерге төтеп беруге әзір екендіктерін көрсетті.