Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Ел жаңалықтары > Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады?

Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады?

Қазақстандықтар мамыр айында үш мерекені атап өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Олар 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр – Жеңіс күні.

1 мамыр жексенбіге түскендіктен, қазақстандықтар 2 мамыр күні де демалады.

Отан қорғаушылар күні – 7 мамыр сенбі күніне дәл келгендіктен, демалыс күні 10 мамырға ауыстырылады. Жеңіс күнімен қоса есептегенде, ел тұрғындары 7 және 10 мамыр аралығында бірден 4 күн демалады.

Осылайша мамырда жалпы демалыстар саны 5 күндік жұмыс аптасы үшін 12 күн, 6 күндік жұмыс аптасы үшін 8 күн болмақ.