Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Қаржы және инфрақұрылым жөніндегі проректор тағайындалды

Қаржы және инфрақұрылым жөніндегі проректор тағайындалды

Жұбанов университетінің Қаржы және инфрақұрылым жөніндегі проректоры лауазымына Гүлнара Есенбаева тағайындалды.

Гүлнара Есенбаева Қарағанды кооперативтік институтын «Бухгалтерлік есеп, шаруашылық қызметті бақылау және талдау» мамандығы бойынша және С.Бәйішев атындағы Ақтөбе Университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары Ақтөбе облыстық қазынашылық басқармасының жетекші бухгалтері, «Ақтөбе облыстық газ шаруашылығы басқармасы» ЖШС экономисі, «Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты» бас бухгалтерінің орынбасары, «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы филиалы – Ақтөбе облыстық телекоммуникация дирекциясының жетекші экономисі, аталған филиалда Батыс өңірлік телекоммуникация дирекциясының экономика және қаржы бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.