Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Бүгін Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті бір топ журналисті құттықтады.

Бүгін Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті бір топ журналисті құттықтады.

Кәсіби мереке қарсаңында оларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. «Бұқаралық ақпарат құралдарының білім беру саласын дамытудағы рөлі» тақырынбында өткен шараға журналистерден бөлек, ардагер ұстаздар, тарихшылар мен оқытушылар қатысты. Кездесуде университет ректоры Бауыржан Ердембеков сөз алып, төртінші билік өкілдерінің білім саласындағы жетістіктерді насихаттауға қосқан үлестері үшін алғысын жеткізді. Сондай-ақ, ол алдағы уақытта бірлесіп, білім ордасында зиялылар клубын құру, айтыскерлер мектебін ашу сияқты ұсыныстарын айтты. Ал, тарихшылар журналистермен байланысты нығайту қажеттігін атап өтті.

http://aktobetv.kz/