Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Хабарландырулар > Оқуға қайта қабылдау және ауысу бойынша білім алушылар назарына

Оқуға қайта қабылдау және ауысу бойынша білім алушылар назарына

Шетелдік жоғары оқу орнынан немесе Қазақстандық жоғары оқу орнында оқитын, бірақ ҰБТ сертификаты жоқ білім алушылар Жұбанов университетіне ауысу үшін қабылдау емтиханын тапсыруы қажет.

Өтініш 18-29 шілде аралығында қабылданады.

Қабылдау емтиханы өңірлік тестілеу орталығында ақылы негізде өткізіледі.

Ал шығармашылық мамандықтар бойынша қабылдау емтиханын білім алушылар  Жұбанов университетінде шығармашылық емтихан түрінде тапсырады.

Қабылдау емтиханын сәтті тапсырғаннан кейін оқуға қайта қабылдауға құжаттар 15-26 тамыз аралығында қабылданады.

Ол үшін SMART ARSU мобильді қосымшасы арқылы қайта қабылдауға өтініш беру қажет.

 SMART ARSU мобильді қосымшасы арқылы қайта қабылдауға өтініш беру:

  • «SMART ARSU» мобильді қосымшасын Play market / App store-дан жүктеу;
  • «Қонақ» рөлінде тіркелу;
  • «СҚКО Темірқазыққа» кіру;
  • «Оқуға қайта қабылдау» таңдау;
  • көрсетілген ұяшықтарды толтыру, қажетті құжаттарды тіркеу және жіберу;
  • өтінішті негізгі мәзірдегі «Менің өтініштерім» батырмасынан бақылау;
  • өтінішті қабылдамаған жағдайда себебін білу үшін пікірді (комментарий) ашып қарау;
  • бухгалтерлік есеп бөлімінің жауабы шыққаннан кейін, пікірде (комментарий) көрсетілген оқу ақысы мен пән айырмашылығының ақысын төлеп, 2 түбіртектің көшірмесін алып келіп келісімшартқа отыру.

Оқуға қайта қабылдау үшін қажетті  құжаттар  тізімі:

  • білім туралы құжаттың түпнұсқасы (аттестат немесе диплом);
  • академиялық анықтаманың түпнұсқасы;
  • оқуға қабылдау, курстан курсқа ауысу, оқудан шығару туралы бұйрықтың көшірмесі;
  • оқуға түсу емтихандары туралы хаттамадан көшірме;
  • ЖОО-ның лицензиясының  көшірмесі;
  • ф-№ 075У үлгідегі  медициналық  анықтама (Жұбанов емханасы арқылы  куәландырылған);
  • Құжат тігілетін мұқаба (скоросшиватель), конверт А5.

Толығырақ.  Ақпараттық хат